Түркістанда дропперлікпен күрес және қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда дропперлікпен күрес және қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті.

Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Ермахан Мырзабай Болатұлы жастармен кездесіп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – дропперлік және қаржылық алаяқтықтың алдын алу туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушылар дроптарды (қылмыстық схемаларда өз бетінше түсінбей, алаяқтарға көмектесіп қоюы мүмкін азаматтар) қалай анықтауға болатынын, қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін және олардың қоғамға тигізер зиянын талқылады. Сонымен қатар, қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары, жеке мәліметтерді қорғау әдістері және **жасанды интеллект құралдарын алаяқтықпен күресте тиімді қолдану мүмкіндіктері айтылды.

Шараға қатысқан орталық мамандары өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін жақындарына жеткізетіндерін атап өтті.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» қағидасына сай, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...