Түркістанда білім беру мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда білім беру мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде екі өзекті мәселе — оқу жылының қорытындысы және білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстары мен шомылу маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет білім саласындағы ахуал туралы баяндама жасады. Биыл 11-сыныпты 3069 оқушы аяқтайтыны, оның ішінде 2799 оқушы ҰБТ тапсырады деп жоспарлануда. Қалған 270 оқушының 5-еуі шетелде білім алуды жоспарлап отыр.

Мектеп бітірушілер тарапынан рұқсат етілмеген іс-шаралардың алдын алу мақсатында Полиция басқармасымен бірлескен рейдтерді күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде 2452 оқушының лагерлерге қатыса алмауына байланысты онлайн секциялар мен мектеп алаңдарында үйірмелер ұйымдастыру ұсынылды.

Одан бөлек, Әзімбек Пазылбекұлы мектептердегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жаз айларында толық аяқтауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының м.у.а. Арман Алпысбаев қала аумағындағы шомылу маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Бүгінде қалада шомылуға арналмаған 6 су айдыны бар. Арыс–Түркістан каналы – ең қауіпті аймақтардың бірі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 метрлік тростар мен 24 ескерту белгісі орнатылып, рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін аталған барлық мәселелерді күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, қала тазалығы мен әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін шағымдардың орындалу деңгейін қадағалуды жүктеді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...