Түркістан: Төлебиде тыл ардагерлері құрметке бөленді

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тыл даласында еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қариялардың үйлеріне арнайы барып құттықтады.

Ленгір қаласының тұрғыны 91 жастағы Қадырбай Отарбаев ақсақалды, 96 жастағы Сағат Сыздықова әжеге сый-сияпат ұсынып, мерекелік медаль табыстады.

Еліміз қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ. Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз. Бұл бағыттағы жұмыс жыл көлемінде жалғасын табады.

Жалпы, Ұлы Отан соғысына Төлеби ауданынан 10862 жауынгер қатысты. 5 жерлесіміз Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды, жүздеген жауынгерлеріміз І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атанды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...