Түркістан: Созақта жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Бүгін Созақ ауданындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Жиын барысында соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, гүл шоқтары қойылып, жиналған қауымға жеңіс лентасы таратылды. Одан бөлек, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран бағышталды.

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұртшылықты мерекемен құттықтап, ардагерлерге құрмет көрсету — ұрпақ парызы екенін атап өтті. Шара барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, шараның маңыздылығын көрсете білді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Алматыда шала туған сәбилерді зағиптықтан сақтайтын ерекше операциялар жасалды

Алматыда Қазақстан медицинасының тарихында алғаш рет шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау – сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік ...

Қызғалдақтар — даламыздың символы

2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы — Кемпіртас» соқпағында VIl — аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет ...