Түркістан: Сауранда тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен бірге тыл ардагерлері Раймов Шараф пен ғасыр жасаған ақ жаулықты ана, тыл еңбеккері Калтаева Күлшаның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Қос ардагерге гүл шоқтары мен мерекелік сый-сияпаттар табысталып, шынайы алғыс пен зор құрмет көрсетілді.

Аудан басшысы ел үшін ерен еңбек еткен ардагерлерге ризашылығын білдіріп, олардың өмір жолы – елге үлгі, ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.

Ардагерлер де ізгі тілектер мен ыстық ықыласқа алғыстарын білдіріп, ел амандығын, ұрпақ тыныштығын тіледі.

Мұндай кездесулер – бір күндік емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын өнегелі дәстүр. Ардагерлерге құрмет көрсету – бұл тек тарихқа тағзым емес, елдіктің, руханияттың, ұлттық бірліктің белгісі. Сауран ауданында өткен бұл тағылымды шара – кейінгі ұрпақтың аға буын алдындағы алғысы мен аманатына адалдығының жарқын көрінісі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...