Түркістан: Сарыағашта 103 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 103 жастағы қария Эрмохан Ишхоновтың үйіне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады. «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мерекелік медалін және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Ардагер құрмет көрсетуге келген қонақтарды қуана қарсы алып, өзінің майдан даласындағы кешкен қиыншылықтарынан сыр шертті. Қан майдандағы шайқастарын, қарулас достарын, соғыс даласындағы ерліктерін әңгімелеп берді. Жас ұрпаққа бейбіт өмір мен амандық тілеп, алғысын айтып, ақ батасын берді.

Ардагер 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. Қария I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «1941-1945 ж.ж. Отан соғысы» ордендерімен, «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Бүгінде ардагер 4 ұл мен 3 қыздан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.

Қарт майдангер Эрмохан Ишхоновтың жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі, есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...