“Түркістан-Самарқанд” бағытындағы әуе рейсі ашылды

“Түркістан-Самарқанд” әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.

Жаңа бағыт — Қазақстан мен Өзбекстанға, туристік қалалар Түркістан мен Самарқандқа саяхаттауға аса ыңғайлы болмақ. Туристер үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Аталған бағыттағы әуе рейстерін “Qazaq Air” әуекомпаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерден Ыстамбұл, Абу-Даби мен Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты әуе рейстері ұшады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шардаралық спортшылар гір спортынан Әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Өзбекстан Республикасының Ханабад қаласында гір спортынан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен білекті жігіттер қатысқан бесекеде ...

Түркістанда «Қарасөз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Түркістан музыкалық драма театрында Абай мұрасына арналған «Қара сөз» пластикалық спектаклі сахналанды. Қойылым — қазақ даласының кеңдігін, көшпенділердің философиялық ой-өрісін, ...