Түркістан: Қазығұртта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Қазығұрт ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты шара өтті. Аталған шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мекеме басшылары, соғыс және тыл ардагерлері, ардақты ақсақалдар, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен жастары қатысты.

Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар үнсіздікпен майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Іс-шара аясында өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, Отанға деген сүйіспеншілік пен батырларға деген құрметті арқау еткен әдеби композициялар орындады.

Осы күні Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын – ұлы жеңіс» атты ерлік пен елдікке тағзым, бейбіт күннің бағасын ұғындыруға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиын барысында Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медальмен марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...