Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті.

Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті тұрғындар тарапынан инфрақұрылым жүйелерін дамыту және жол мәселелері көтерілді.

Бірлік секторы бойынша алдыңғы кездесуде 21 мәселе тіркеліп, оның 12-сі шешімін тапса, 9 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сектордың инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіруге арналған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, электр жарығымен қамту бойынша 2704 абонентті қамтитын жоба шеңберінде 14 дана трансформатор орнатылып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, табиғи газ желісімен қамту мақсатында қосымша 1500 абонентке арналған жоба әзірленуде, оның ішінде 326 абонент Бірлік секторынан енгізілген.

Жол және жарықтандыру саласында 141,7 шақырымдық 179 көшенің 96%-ы жарықпен қамтылған, қалған бөлігінде жұмыстар биылғы жылдың тамызына дейін аяқталады деп күтілуде.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен қалалық тазалықты сақтау шараларына белсенді қатысуға шақырып, көтерілген барлық мәселелер кезең-кезеңімен заң аясында шешілетінін жеткізді. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, салалық бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі 28 мамыр күні сағат 10:00де — 1-ші мөлтек ауданында орналасқан №4 мектепте, 15:00де — Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте, 29 мамыр күні сағат 10:00де- Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы-дала орталығы» кешенінде, 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте өтеді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету ...

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше ...