Түркістан: Қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкім Нұралхан Көшеров пен оның орынбасарлары халық үніне құлақ асып, мәселелерді оңтайлы шешу бағытында жұмыс атқаруда.

«Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға келген тұрғандар сан алуан мәселені көтерді. Олардың басым бөлігі, мәдениет, ішкі саясат, спорт салаларына қатысты болды. Атап айтсақ, спорт кешені мен мәдениет ошағын салу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және арнайы көрме ұйымдастыру, сондай-ақ тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтерді. Одан бөлек мәдениет үйіне қатысты түйткілдерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...