Бүгінде Түркістан облысындағы колледждерде жаңа мамандықтарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте, мемлекеттік гранттар нақты қажетті мамандықтарға бөлінбек.
Өңірде еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп жатыр. 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу үшін басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінен ұсыныстар жиналған.
Аталған сұраныстарды нақтылау туралы тапсырма беріліп, бүгінгі күнге 100 мамандық бойынша 22 037 орынға қажеттілік анықталып отыр. 2024-2025 оқу жылына 15 500 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге жеткілікті қаржы қаралып отыр. Алдағы оқу жылдарында Түркістан облысында бақ-саябақ шаруашылығы, жылыжай шаруашылығының операторы, ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандықтары ашылады.
Одан бөлек, лифт шаруашылығы және эскалаторлар, ет және ет өнімдерін өндіру, хаус-мастер, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, темір жолдың вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандықтары ашылады деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі