Түркістан облысында жаз мезгілінде өрттің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді.

«Биыл жыл басынан Түркістан облысында 161 өрт тіркелді. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторы мен сауда орталықтарында орын алған. Өрттің себебі — электр құралдарын монтаждау, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзудан орын алған. Жазғы табиғи өрттің алдын алу мақсатында облыстық орман шаруашылықтарымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Одан бөлек, орман ресурстарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары бекітілді. Жүйелі жұмыстар аясында мобилді топтармен 161 рейд жүргізіліп, нәтижесінде 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 740 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жазғы орман дала өрттерін уақытылы сөндіруді жетілдіру мақсатында Түлкібас ауданындағы «Ақсу Жабағылы» қорығы аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Бүгінде өртті болдырмау мақсатында Департамент тарапынан ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа әдіс ретінде дауыс зорайтқышы бар дрон пайдаланылуда. Бұдан бөлек, туристік агенттіктердің көмегімен 400-ге жуық саяхатшыға өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндірілді»,- деді спикер.

Жасұлан Қуатбекұлының айтуынша, 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала қауіпсіздігі басты мақсатымыз!» атты ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шара — балалардың өмір қауіпсіздігін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсінуге, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға үйретеді. Бүгінде өрт сөндіру бөлімдерінде Ашық есік күндері мен ашық сабақтар, конкурстар және спорттық эстафеталар, ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, 400-ге жуық оқушыға ТЖМ заманауи құтқару құралдарын, техникасын, дрондары мен жабдықтарын көрсететін экскурсиялар өтті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...