Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана орнатылады. Бұл бастама — лагерлердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған. Мәселен, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда 1 мыңнан астам баланы қабылдайды. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыстағы жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте, өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жалпы Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31 жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай, лагерлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балаларына жазғы сауықтыру кезеңі басталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан ...

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және ...