Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь жобасы іске асырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь жобасы іске асырылды

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады.

Бұл бастама өңірдегі балалардемалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл — орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар — қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы.

Атап айтқанда, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда жатын орындармен қатар, санитарлық тораптар мен асханалар да дайындалуда.

Бұл маңызды жобаны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тікелей бақылауға алып, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды жүктеді. Ал облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, лагерьлердің маусымға дайындығын пысықтады. Ол әсіресе қауіпсіздік, санитарлық тазалық және тәрбиешілердің біліктілігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Мұнда терезелер мен есіктер жаңартылып, ішкі әжетханалар орнатылып, ғимаратқа сырлау және әктеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31  жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтылады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, сонымен қатар тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай лагерьлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балалары  жазғы сауықтыру кезеңі басталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...