Түркістан: Мақта өндірісінде 10 ірі зауыттың құрылысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Мақта өндірісінде 10 ірі зауыттың құрылысы басталды

Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының өнім көлемі биыл жыл басынан 116,4 млрд теңгені құрады.

Осы ретте ауыл шаруашылығында 3 кластерлік бағытты дамыту қолға алынған. Оның ішінде мақта-тоқыма кластері аясында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Онда 7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Жоба шеңберінде мақта өңдеудің толық циклін қамтитын, құны 147 млрд теңгені құрайтын 10 ірі зауыттың құрылысы басталды. Оның ішінде, 4 мақта өңдеу зауыты, 4 тоқыма фабрика мен 2 тамшылатып суғару өндірісі бар.

Бүгінде тамшылатын суғарудың ПВХ құбырын шығаратын бір зауыттың құрылысы аяқталып, іске қосылған. Сондай-ақ, биыл Отырар ауданында қос мақта өңдеу зауыты мен тамшылатып суғару өндірісі іске асады. Одан бөлек, Түркістан қаласында 2 тоқыма фабрикасы ашылмақ. Жобалар толық іске асқан жағдайда су 3-4 есе үнемделеді. Сонымен қатар, мақта өнімділігі екі есе артып, дайын тоқыма өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, биыл «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен 3 мақта өңдеу зауыттарын салу жобасы қолға алынды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...