«Тарих. тағзым. тұлға» атты танымдық конференция өтті

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Тарих. Тағзым. Тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды әрі мәні терең бұл шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кешенді зерттеулер нәтижелерін көпшілікке таныстыруды мақсат етті.

Конференция аясында ХХ ғасырдың ең зұлмат кезеңдерінде жазықсыз жапа шеккен тұлғалардың тағдырын архивтік деректер негізінде зерделеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін жаңаша пайымдау бағытындағы ізденістер мен ғылыми тұжырымдар ортаға салынды.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, мұндай бастамалардың мемлекеттің тарихи жадын сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар жиынға еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары, архив ісінің мамандары, қоғам қайраткерлері мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың ұрпақтары да шақырылды.

Келелі басқосу тарихи жадыны жаңғыртып қана қоймай, келешек ұрпақтың әділет пен ар-намыс жолындағы күрескер бабаларға тағзым етуінің бір белгісіне айналды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Youtube каналынан рухани тақырыпта сабақ беретін ұстаз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, ұлттың рухани қазынасын шәкірт бойына сіңіруші, ана тілінің ...

Білім негізі — бастауыш сыныптан

Құдайберген Айгүл Асанханқызы — бастауыш сынып мұғалімі. Ол 1975 жылы 9 тамызда Шымкент қаласы Ордабасы ауданында дүниеге келді. 1994 жылы ...