Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты.

Мысалы, Францияның даму агенттігі Балқаш көлін сақтап қалуға арналған мастер-жоспарды дайындауға 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлді. Ал «Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғау үшін 5 млн доллар бөледі.

Жапония Үкіметімен бөгеттерді кешенді басқару арқылы Қазақстандағы су тасқынына қарсы күрес шараларын жақсарту үшін шамамен 2 млн АҚШ долларын беру туралы келісім бар.

Ислам даму банкі «Қазсушар» РМК-ны техникалық жабдықтауға, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерттеу мен бағалауына, сондай-ақ Су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте әрекет ету жүйелерін енгізуді бағалауға 3,5 млн доллар бөледі.

«Грант қаражаты су шаруашылығының түрлі салаларында ірі жобаларды әзірлеуге жұмсалады. Сонымен қатар шетелдік серіктестер мен халықаралық қаржы ұйымдары да сапалы талдау мен сараптаманы жиі ұсынады. Гранттардан бөлек, инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде бірқатар ірі қазақстандық және халықаралық компаниямен келісімдер бар»,–деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

x

Check Also

Қауіпсіздікке қалқан болған, адалдықпен абырой тапқан — Мейірхан Қыдырбайұлы

2025 жылдың «Еңбек адамы жылы» деп жариялануы – маңдай терімен күн кешіп, бейнетімен береке тауып жүрген қарапайым еңбек адамдарына жасалған ...

Металлургия обеспечивает более 40% объема обрабатывающей промышленности Казахстана

Металлургия остается основным драйвером обрабатывающей промышленности Казахстана, занимая долю в 40,1%. Итоги первого полугодия и перспективы дальнейшего роста отрасли обсудили ...