Шымкентте Жеңіс күніне орай гала-концерт өтті

Шымкент қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар үш күн бойы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл күндері концерттер мен көрмелерге қатысып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Мерекелік бағдарламаның қорытындысы Астана алаңында өткен гала-концерт болды. Бұл жиында елімізге танымал эстрада жұлдыздары, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Кеште патриоттық әндер мен заманауи туындылар үйлесім тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сахнадан соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, экрандардан тарихи хроникалар көрсетілді. Ардагерлерге арналған құрмет сөздері айтылып, олардың ерлігі мен батырлығы ерекше атап өтілді. Бұл кеш — тек мереке емес, өткенге тағзым мен болашаққа сенімнің символы болды.

x

Check Also

Шымкенттік жастар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Бадам өзенінің бойын тазалады

Бүгінде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары тұрақты түрде жалғасып келеді. Сенбіліктерге қала тұрғындары, әсіресе, жастар белсенді ...

Шымкент: Укрепляется материально-техническая база медицинских учреждений

В городе Шымкент уделяется особое внимание укреплению материально-технической базы медицинских учреждений. В прошлом 2024 году учреждения здравоохранения города были оснащены ...