Шымкентте былтыр 27 мың тұрғын сапалы ауызға қол жеткізді

Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1-уі Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз.

Құрсай елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірнеше кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазір су құбыры толық тартылған. Бүгінде құбырдың бойы абаттандырылып жатыр. Биыл жұмыс толығымен аяқталады.

Өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді (Сайрам 1,2 және 3 кезек, Бозарық 1,2,3-кезек, Қайтпас-1, Ақжайық және 242 жер учаскесі 20 үйі бар Тұран мен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы). Оның 6-ының құрылысы өткен жылдың соңында аяқталды (Сайрам 1,2 және 3-кезек, Бозарық 1,2,3 кезек, Қайтпас-1). Былтыр жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 27 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Биылға 4 нысан өтіп, (Ақжайық, Тұранмен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы, Құрсай 1,2 кезек,) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оған қосымша биыл Қызылжар елді мекенінде де ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды.

Жалпы, Шымкент қаласы аумағында 7 186,7 шақырым ауыз су құбыры бар. Су көздерінің қуаттылығы тәулігіне 460 мың текше метрді құрайды. Қала халқының орташа тұтыну көлемі — тәулігіне 145 мың текше метр.

Шымкент келбеті

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...