Шымкент: Ұйғыр қауымдастығы бірлік пен ынтымақты насихаттаған мәдени шара өткізді

Шымкент қаласының «Достық» үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына» арналған ұйғыр көркем өнерпаздарының мерекелік концертік іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева көпшілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Айгүл Тұрсынбекқызы елімізде бірлік пен татулықты нығайтуға зор үлес қосып жүрген қаладағы этномәдени бірлестік төрағаларына алғыс айтып, қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі белсенді жұмыс атқарып келе жатқандығын атап өтті. Бүгінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілдері қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында барлық салада еңбек етіп жүр.

Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының төрағасы Динмұхамед Искендиров ел бірлігі мен достығын сақтауда қауымдастық одан әрі өз үлесін қоса беретінін айтып, барша жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік концертте елімізге белгілі қазақ композиторларының әндері мен халық әндері шырқалды. Ынтымағы ұйысып, бірлігі жарасқан қалалық ұйғыр қауымдастығының мерекелік концерті қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөледі.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...