Шымкент тұрғындары Астанадағы әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

Астанада өткен салтанатты әскери шеру биыл ерекше өтуде. Бұл маңызды шараны Шымкент халқы да елеусіз қалдырмады. Қаладағы Астана алаңы, Жастар ресурстық орталығы және Қызғалдақ фонтаны маңында орнатылған экрандардан тұрғындар парадты тікелей эфирде тамашалады. Ал Түркістан сарайында жеке әскери құрам да тарихи сәттің куәсі болды.

Биылғы парадқа Шымкент қаласындағы №35748 әскери бөлімінің өкілдері де белсенді қатысты. Аталған бөлімнің үрмелі аспаптар оркестры шеруде өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күйге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар осы бөлімнен 7 әйел әскери қызметкер сап түзеп, парадқа қатысушылар қатарынан көрінді. Олар – әскери қызметтің әр саласында абыроймен еңбек етіп жүрген нәзік жандылар. Шеруге қаламыздың басқа да әскери бөлімдерінен арнайы техникалар мен әскери қызметкерлер және сарбаздар жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұл мерекелік шараны көзбен көру мүмкіндігі Шымкенттен арнайы Астанаға барған 15 еңбек ардагеріне де бұйырды.

– Менің атам мен әкем де сұрапыл соғысқа қатысқан. Бүгінгідей бейбіт заманда осындай шараларды өз көзімізбен көру – біз үшін үлкен мәртебе. Елдің қорғаныс қабілетін көріп, жастардың сап түзегенін тамашалау – болашаққа деген сенімді күшейтеді, – дейді қала тұрғыны, зейнеткер Өтелбай Амалбеков.

Әскери шеру – еліміздің қорғаныс қабілеті мен бірлігін көрсететін маңызды шара. Бұл күн Шымкент тұрғындарына отаншылдық рух, мақтаныш сыйлап, айрықша әсер қалдырды.

Шымкент келбеті

x

Check Also

Часы на площади железнодорожного вокзала в Шымкенте снова показывают точное время

Часы были отремонтированы за счёт спонсорских средств. В механизм установлены надёжные швейцарские комплектующие марки Hublot, что обеспечивает точность и долговечность ...

Теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Теміржол вокзалы алаңында, гүлденген айналма қиылыстың ортасында, биік әрі зәулім бағанада 4 бағытқа қарайтын сағаттар орналасқан. ...