Шымкент: Су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары түсіндірілуде

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Birgemiz Umit» жобасы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында «Жастар ресурстық орталығының» мамандары мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы суға шомылу орындарына барып, жасөспірімдер мен өзге де азаматтарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын, көлдерде, тоғандар мен басқа да су орындарында шомылудың қауіптері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен үнпарақшалар таратылып, ескерту тақтайшалары орнатылды.

Жалпы, төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде өрт қауіпсіздігі, улы газдан улану, суға түсу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында түрлі кездесулер, рейдтер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында оқушылармен түрлі тақырыптық кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға оқыс оқиға орын алған жағдайдағы әрекет ету амалдары, төтенше жағдай кезіндегі ережелер, олардың іс-қимылы, алғашқы көмек көрсету мәселелері сияқты қарапайым ережелер түсіндірілуде.

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылуға арналған арнайы 5 орын белгіленген. Оның үшеуінде шомылуға рұқсат етілген. Одан бөлек, қала аумағында 20-ға жуық аквапарктер мен бассейндер шомылу маусымында тұрғындарға қызмет көрсетуде.

2025 жылы қалада шомылу маусымының қауіпсіз өтуін және тұрғындармен су айдындарындағы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Олар:
– төтенше жағдайлар, жергілікті полиция қызметімен тұрақты рейдтер жүргізу;
– қауіпті және жабдықталмаған су айдындарында ескерту белгілерін орнату;
– суға түсуге тыйым салынған орындарда балалардың қараусыз жүруіне жол бермеу және олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;
– балаларды жүзуге үйрету бойынша арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру және т.б.

Шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар волонтерлармен бірлесе отырып үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады.

x

Check Also

Youtube каналынан рухани тақырыпта сабақ беретін ұстаз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, ұлттың рухани қазынасын шәкірт бойына сіңіруші, ана тілінің ...

Білім негізі — бастауыш сыныптан

Құдайберген Айгүл Асанханқызы — бастауыш сынып мұғалімі. Ол 1975 жылы 9 тамызда Шымкент қаласы Ордабасы ауданында дүниеге келді. 1994 жылы ...