Шымкент: «Отбасыммен кітап оқимын» атты кеш өтті

15 мамыр — Халықаралық отбсы күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Отбасыммен бірге кітап оқимын» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері, ұстаздар мен оқырмандар Рахишевтер отбасымен кездесті.

Жиында отбасында кітап оқудың маңыздылығы, оқырман отбасыларын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және оқуға деген қызығушылығын арттыру насихатталды.

Рахишевтар отбасы өздерінің кітап оқу дәстүрімен бөлісіп, өлең оқып, өнерлерін көрсетті. Оқырмандардың сауалына жауап беріп, пікір алмасты.

Шымкентте халықаралық отбасы күніне орай көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Бүгін бір мезетте 180 орында түрлі іс-шаралар өткізілсе, оның 160-ы білім беру ұйымдарында, 20 мәдени-демалыс аймақтар мен саябақтарды өтті.

x

Check Also

Шомылу маусымында қауіпсіздік басты назарда

2025 жылғы 15 мамыр күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті сақтау шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шара ...

В Шымкенте прошла широкомасштабная разъяснительная акция против рекламы наркотиков

В городе Шымкенте прошло очередное профилактическое мероприятие, направленное против наркотиков. В ходе мероприятия группа волонтеров обошла улицы города, распространяя листовки ...