Шымкент: Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді

Шымкент қаласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып отыр. Өткен 2024 жылы қаладағы денсаулық сақтау мекемелері көптеген замануи медициналық жабдықтармен қамтылды.

Бүгінде Шымкент қаласында 60 емхана жұмыс істеп тұр. Соның ішінде 14 мемлекеттік, 46 жекеменшік емхана бар. Онда 1 миллион 258 мыңнан астам адам тіркелген.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2024 жылы қаладағы денсаулық сақтау мекемелері көптеген замануи медициналық жабдықтармен қамтылып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталу көрсеткіші 83,8 пайыздан 87,6 пайызға дейін көтерілді.

Бұдан бөлек, 2022-2025 жылдары аралығында жаңадан 14 емхана ашылып, емханалардағы орташа жүктеме 25 мыңнан 21 мыңға азайды. Сонымен қатар, былтыр 4-ші санаттағы медициналық жәрдем көрсетуге 23 дана автокөлік алынған.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жыланбұзған елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар ашылды. 1 130 жедел жәрдем қызметкері біліктілігін жетілдіру бойынша аттестаттаудан өтіп, арнайы семинар ұйымдастырылды.

Осы және өзге де шаралардың нәтижесінде қалада аурушаңдық көрсеткіші төмендеп, ана мен бала өлімі азайған.

Шымкент келбеті

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...