Шымкент: Жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар берілді

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Еңбек мобильділігі орталығының «Тұран ауданы бойынша мансап орталығының» мамандары М.Тынышбаев атындағы «Көлік колледжі» жастарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында жастарға еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оларға қатысу жолдары түсіндірілді. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту шаралары, жаңа мамандықтарды игеру, өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысу, шағын кәсіпкерлікке арналған гранттар мен басқа да маңызды мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар, сала мамандары жастарға пайдалы мәліметтер мен ұсыныстар беретін арнайы парақшалар таратып, мемлекет тарапынан беріліп отырған тиімді мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Жалпы, Шымкентте мемлекеттік тарапынан ұсынылып отырған кең мүмкіндіктер мен түрлі бағдарламалар туралы жастар арасындағы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның ішінде, жоғары және арнаулы оқу орындарымен қоса, түрлі сауда орындарындағы жастарға, атап айтқанда Алаш, Автонұр, Самал және т.б. базарлар сияқты нысандарда жұмыс істейтін жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыстардың аясында бүгінгі күнге дейін 42 кездесу өткізіліп, 3 432 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

x

Check Also

Шымкент: Аль-Фарабийский район – образец качественной жизни и развитой инфраструктуры

Аль-Фарабийский район, расположенный в центре города Шымкент, занимает общую площадь 19 880 гектаров и насчитывает 234 857 жителей. На территории ...

Шымкент: Әл-Фараби ауданы – сапалы өмір мен дамыған инфрақұрылымның үлгісі

Шымкент қаласының орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданының жалпы аумағы – 19 880 гектарды, ал халық саны – 234 857 адамды құрайды. ...