Шымкент: Еңбекші ауданында сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Еңбекші ауданында сенбілік өтті

Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аудан тұрғындарының экологиялық мәдениеттін арттыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталды.

Сенбілікке аудан тұрғындары, белсенді жастар және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Аудан аумағында өткен тазалық жұмыстары барысында аулалар мен жол жиектері, су арналары мен жасыл аймақтар тазартылып, ағаштарды қыру және шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық қоқыстар шығарылып, «Группа Интеко» ЖШС-нің 10-ға жуық техникасы мен арнайы құралдары жұмылдырылды. Іс-шараға аталған серіктестік пен «Еңбекші» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері де атсалысты.

Жалпы, Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары тұрақты түрде жалғасып келеді. Сенбіліктер қаланың барлық аудандарында жаппай өткізілуде. Әрбір іс-шарада аумақтар ретке келтіріліп, қоқыстар жиналуда, тұрғындарды тазалықты сақтау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...