Шымкент: 9 мамыр — Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кеш ардагерлерге ерекше көңіл бөлу және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді.

Іс-шара аясында 300 ардагерге арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік фуршет ұсынылды.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстар мен Чернобыль апатының ардагерлері әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара барысында батырларымыздың ерлігі мен өмірлік жолы жастарға үлгі ретінде баяндалып, олардың көрсеткен қайсарлығы мен отаншылдығы ерекше атап өтілді.

Бүгінгі таңда Шымкентте ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қаралған жалпы сома – 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылды. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.

x

Check Also

Шымкентте ерікті жастар басқосты

Шымкент ерікті жастарға арналған ерекше семинар-тренинг өтті. Оны «Birgemiz: Sabaqtastyq» жобасы аясында қолға алынып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жаңа ...

Саналы ғұмырын білімге арнаған жан

Атажанова Еркинай Иристаевна — «Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ...