ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде — Xnews — ақпарат агенттігі

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде

Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде. Негізгі жаңалық — шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді тікелей екінші деңгейлі банктерге беру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл өтінімдерді қарауды жеделдетуге және кәсіпкерлік бастамаларды іске асырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Даму» қорының базасында кепілдік қорларын құру бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Тетіктер 7 млрд теңгеден басталатын ірі инвестициялық жобаларды және 7 млрд теңгеге дейінгі шағын және орта бизнесті қамтиды, бұл экономиканың нақты секторын несиелеуге банктердің қаражатын тартуға ықпал етеді.

«Бұдан бөлек, экономикалық өсімді жандандыру мақсатында жылдық 12,6% мөлшерлемемен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Кредиттер қоса қаржыландыру шарттарымен екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін болады. Бір қарыз алушыға немесе өзара байланыстағы қарыз алушылар тобына ең жоғары лимит 7 млрд теңгеге дейін болады», – деді спикер.

Ол ағымдағы жылы қаржылық емес қолдау шараларын іске асыру жалғасатынын айтты. Оған ақпараттық-консультациялық қызметтер, сервистік қолдау және «іскерлік байланыстар» құралы кіреді. Бұған дейін қаржылық емес қолдау шаралары аясында 15 мың сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ бизнесті жүргізудің түрлі мәселелері бойынша 135 мыңнан астам консультациялар ұсынылды. Бухгалтерлік және салықтық есепке алу, бизнес-жоспарларды әзірлеу, заңдық сүйемелдеу және қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметтерді қамтитын қолдау Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ онлайн-арнайы портал (www.g4b.kz) арқылы көрсетілді.

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...