Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты жастар слеті ұйымдастырылды.

Шара- экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және табиғатқа жанашыр болуға бағытталған. Іс-шара аясында Шардара суқоймасының жағалауында сенбілік ұйымдастырылып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Олар көл жағасынан 1 тоннаға жуық тұрмыстық және пластик қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында өткен «Экоплоггинг» сайысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаз ұжымдарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жалпы жастар слеті – патриотизм мен экологиялық мәдениетті ұштастырған маңызды шара ретінде жас ұрпақтың сана-сезіміне оң ықпал етті. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ауданда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жас буынның белсенділігін арттыру көзделген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестане прошло мероприятие «Домбра – дастан», посвященное Национальному дню домбры

В честь Национального дня домбры в городе Туркестан прошло праздничное мероприятие «Домбра – дастан». С приветственным словом выступил заместитель руководителя ...

Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ғимараттардың ахуалы, құрылысы, мекемелердің жұмыс барысымен танысты. Қызылдала ...