Шәкірт жүрегінен орын тапқан жан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің шын жанашыры, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл ұстаз — Турсынбаева Жанат Аманқұлқызы 1976 жылы 27 наурызда Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтап, бүгінге дейін 23 жыл бойы білім саласында үздіксіз еңбек етіп келеді.

2007 жылдан бері Х.Әлімжан атындағы №85 мектепте ұстаздық қызметін атқарып келе жатқан Жанат Аманқұлқызы — бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы тәжірибелі маман. Ол өзінің білім беру тәжірибесінде оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін дамытуға басымдық беріп, сапалы білім мен рухани тәрбие беруге бар күш-жігерін арнап келеді.

Ұстаздың еңбегі мен ізденісі елеусіз қалған емес. Ол түрлі қалалық және республикалық байқауларда мектебінің мерейін үстем етіп, шәкірттерін білім мен өнер биігіне жетелеп жүр. Сабақтары мазмұнды, тәрбиелік мәні терең, оқушыны ойландырып, еркін сөйлеуге баулиды.

Жетістіктері:
• Шымкент қаласының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы — ІІ орын;
• Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Заманауи педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі» атты баяндама ұсынып, тәжірибесімен бөліскен.

Жанат Аманқұлқызы — білімді де білікті ұстаз ғана емес, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адами құндылықтарды сіңіре білген шын мәніндегі тәлімгер.

x

Check Also

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...