«Қазсушар» филиалдары 300-ден астам жаңа техника алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушардың» 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.

«Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады»,–деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

x

Check Also

Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

Международный рейтинг открытости официальной статистики Open Data Inventory (ODIN) опубликовал результаты ежегодного исследования. Казахстан укрепил свои позиции в международном рейтинге открытости ...

Рыбная отрасль Казахстана демонстрирует устойчивый рост

Рыбное хозяйство стабильно развивается: по итогам 2024 года объем рынка рыбной продукции составил 94,6 тыс. тонн, что на 7% больше ...