Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді

Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.

2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Бүгінде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2%-ын құрайды – бұл шамамен 1,87 миллион адам. Салыстырар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,8% болған.

Қарттарымызға қамқорлық көрсету, белсенді және мәнді өмір сүру үшін жағдай жасау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сол себепті 2020 жылы республикада алғашқы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. 2021 жылы аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспары қабылданды. Оның аясында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, ведомствоаралық комиссия құрылды және белсенді ұзақ өмір сүру индексі есептелді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. БҰӨО-ның қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), егде жастағы адамдардың еркіндігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғамның өміріне қатысуға бағытталған.

Орталықтар жұмысын бастағалы бері 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді, 3,8 мыңнан астам қызмет көрсетілді – олардың қатарында медициналық, психологиялық, мәдени және білім беру қызметтері бар. Мұның бәрі егде жастағы адамдарға белсенді болуға, денсаулық пен көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.

Нәтижелері де көңіл қуантады – БҰӨО қызмет алушылары халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, «Алматы әжелері» ұжымы Италиядағы сән апталығында Қазақстанның атынан қатысып, Түркия мен Қырғызстандағы этнофестивальдерде жеңіске жетті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

x

Check Also

Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

Елордалық құтқарушылар прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.  Мақсаты — суға жақын демалыс орындарының шомылу ...

Институт экономических исследований: Экономика Казахстана демонстрирует позитивную динамику развития

По предварительным данным Бюро национальной статистики, реальный валовой внутренний продукт (ВВП) Казахстана в январе–апреле 2025 года увеличился на 6% по ...