Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қытай – Орталық Азия» Білім министрлерінің алғашқы кеңесіне қатысты

Үрімші қаласында Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азия елдері – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның білім министрлері, сондай-ақ тиісті ведомстволар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен алғашқы кеңес өтті. Жиынның басты тақырыбы – білім беру саласындағы интеграция мен орнықты әріптестікті құру мәселелері болды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз сөзінде қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен білім беру бойынша ортақ бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы одан арғы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталды.

«Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Интернационалдандыру аясында әлемнің жетекші колледждері мен өндірістік кәсіпорындарымен серіктестік орнатылып, бизнес қауымдастықпен ынтымақтастық кеңеюде, педагогтер мен студенттер үшін академиялық ұтқырлық жетілдірілуде. Қазақстан ынтымақтастыққа ашық және жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған ортақ тәсілдерді әзірлеуді қолдайды», – деді Ғани Бейсембаев.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушы елдер Білім министрлерінің кеңесі механизмінің Жарғысын және «Үрімші декларациясын» қабылдады. Бұл құжаттар алдағы ынтымақтастықтың негізін айқындап, жоғары білікті мамандар даярлау ісінің басымдықтарын бекітеді.

Айта кетерлігі, келесі министрлер кеңесі Қазақстанда өтеді. Ротация тәртібіне сәйкес, Орталық Азия елдері мен Қытайдың Білім министрлерінің екінші кеңесін өткізу құқығы мен төрағалық біздің елге берілді.

x

Check Also

Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді. Президент тапсырмаларын орындау ...

Экономика Казахстана с начала года выросла на 6,2%

Экономика Казахстана продолжает демонстрировать уверенный рост, достигнув показателя в 6,2% по итогам января-июня текущего года. Об этом на заседании Правительства ...