Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде

Өткен жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 4 есеге жуық өскен.

20 мамырда Софияда (Болгария Республикасы) Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Болгария Республикасының Экономика және өнеркәсіп министрі Петъра Диловтың төрағалығымен өтті.

Бірлескен комиссия төрағалары Қазақстан мен Болгария арасында дипломатиялық қатынас орнаған 30 жылдан аса уақыттан бері екі ел достық пен әріптестік байланысты берік ұстанып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Тараптар сауда мен инвестиция, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, мәдениет пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселесін егжей-тегжейлі талқылады.

Отырыспен қатар екі ел іскер топтары өкілдері қатысқан қазақстан-болгар бизнес-форумы өткізілді. 

Жиын қорытындысында тараптар тұрақты байланысты сақтап, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі кеңейту үшін күш-жігерін қосуға дайын екенін білдірді. Қол жеткізілген уағдаластық бесінші Үкіметаралық комиссия хаттамасына қол қоюмен бекітілді.

Бүгінде Қазақстанда Болгарияның тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, бөлшек сауда мен ғылымға қатысты 60-тан астам кәсіпорыны табысты жұмыс істейді. Тараптар кооперацияны тереңдетудің перспективасын ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өңдеу, логистикалық хабты дамыту, жаңа индустриялық жобаларды іске қосудан көреді.

2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан мен Болгария арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылмен салыстырғанда төрт есе артып, 375,2 млн АҚШ долларына жетті. Өткен жылы Қазақстан экономикасына салынған болгар инвестициясының көлемі 7,8 млн доллар. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 86,5%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы тауар айналымы 66,6 млн. АҚШ доллары. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 93,3%-ға жоғары (34,5 млн. АҚШ). Бұл ретте Қазақстанның Болгарияға экспорты биылғы бірінші тоқсанда 2,4 есе өсіп, 51,4 млн. АҚШ долларына жетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

x

Check Also

«Жасыл даму» АҚ Қазақстандағы бірегей экологиялық өндірісті қолдайды

«Жасыл даму» АҚ «ECOMAF» ЖШС компаниясының пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық таза саябақ жиһаздарын өндіру зауытын жаңғырту жобасына қолдау ...

Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана превысила 6%

В Казахстане доля электроэнергии, вырабатываемой из возобновляемых источников энергии (ВИЭ), по итогам 2024 года превысила 6%, достигнув отметки 6,43%. Это ...