Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы бір минут үнсіздікпен қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадын тамашалау үшін Мәскеуге ұшады.

© «Хабар» телеарнасы

x

Check Also

Казахстанцы стали активнее участвовать в решении экологических проблем через чат-бот @TazaQazBot

В рамках реализации концепции «Таза Қазақстан», Министерством экологии и природных ресурсов в июне 2024 года был запущен телеграм-чат-бот @TazaQazBot. Это ...

Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық ...