Озық тәжірибе — ортақ әдіс

Бүгін ауданымыздағы табысты сала кәсіпкерлік саласының, өндіріс және шет елден инвестиция тарту бағытындағы жарқын жұмыстарымен танысуға Ақтөбе облысынан арнайы делегация келді.

Мақсат – ауданымыздың осы саладағы озық жетістіктерімен тәжірибе алмасып, дамудың жолын іздеу. Делегация құрамында Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Сұлтанғали және индустриялық иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Жарасқанұлы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ақгүл Советоллаевналар болды.

Іскерлік сапарман келген әріптестерді аудандағы кәсіпкерлік саласының тыныс-тіршілігімен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова таныстырды.

Делегация аудан аумағындағы іске асырылып жатқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» компанисының алюминий профильдерін өндіру және «Бөрте Милка» ЖШС-нің сүт тауарлын өндіру зауыттарында болып, заманауй өндіріс орындарындағы кәсіптің қыр-сырын бағамдады.

Айта кетсек «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» компанисының алюминий профильдерін өндіру зауыты өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна аллюминний өнімдері болатын, 200 адамға тұрақты жұмыс беретін ірі жоба.

Ал, тұрғындарды табиғи сүт өнімдерімен қамтитын «Бөрте Милка» ЖШС-нің зауыты тәулігіне 50 тонна өнім өндіріп 43 адамды тұрақты табыспен қамтып отыр.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...