Ордабасыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым ұрпаққа үлгі» атты іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аудан орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты шара халықтың батыр бабалар рухына деген тағзымы мен құрметінің айғағына айналды.

Салтанатты іс-шара зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың қатысуымен ауданның Орталық саябағында өтті. Шара саябақта арнайы ұйымдастырылған көріністермен басталады. Саябақ аумағында зұлмат жылдарды еске түсіретін әскерй шатырлар құрылып, аудан өнерпаздары соғыс тақырыбында әсерлі сахналық қойылым көрсетті.

Мемлекеттік Әнұранның асқақ әуенімен жалғасқан іс-шарада майдан даласында жанын пида еткен қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіліп, саябақтағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік жиын Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөз сөйлеп «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр бабаларымыздың өлшеусіз ерліктері ешқашан ұмытылмайды»-деп , батыр бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбектің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ардагерлерге бұл құрметті марапатты аудан басшылары арнайы табыстады.

Шара барысында, Ғани Райымбеков Ақылбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков сөз кезегін алып, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтап, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш ауданымыздан шыққан Ұлы Отан соғысының Батырлары жайлы тың деректерді ортаға салды.

Айта кетейік Ордабасыдан Берген Исаханов, Бейсен Оңтаев, Қарсыбай Сыпатаев, Сыдық Ысмайылов сынды жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры атанған.

Келесі кезек жақында республикалық ән байқауында жеңіске жеткен аудандағы «Дарын» тобының патриоттық «Қазақ елі» әніне беріліп, жүргізуші барша жұртқа іс – шараның «Самұрық» аллеясында жалғасын табатынын мәлімдеді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Төлебиде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын ...

Түркістан: Кентауда 100 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы ...