МСАК-тың 550-ден астам маманы біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқуға кірісті

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады.

Бастама денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің — халыққа медициналық қызмет көрсетудің базалық деңгейінің қосымша кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

2025 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша білім берудің ауқымды бағдарламасын іске асыру басталды.
Бағдарлама шеңберінде үш жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары оқытудан өтеді. Даярлау өңірлендіру қағидаты бойынша еліміздің жоғары және орта медициналық мекемелерінің базасында ұйымдастырылған.

Жалпы практика дәрігерлері үшін 12, орта медициналық персонал үшін — 6 мамандандырылған білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытудан МСАК жүйесінің жұмыс істейтін қызметкерлері:

• 2135 жалпы практика дәрігері
• 3051 орта медицина қызметкері
• 781 медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі
• 828 медициналық колледж оқытушысы өтеді.

Қазіргі уақытта бейінді қайта даярлауды Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласын қоса алғанда еліміздің 12 өңірінде орналасқан МСАК ұйымдарынан 136 дәрігер, 419 орта медициналық персонал өкілдері, сондай-ақ медициналық колледждердің 38 оқытушысы бастады.

Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде 2025 жылдың ішінде:
• 908 жалпы практика дәрігерін,
•1327 орта медициналық буын өкілін жалпы білім берумен қамту жоспарлануда.
Бұл бастаманы іске асыру медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының кәсіби деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Свыше 550 специалистов ПМСП приступили к обучению в рамках года повышения квалификации

В целях повышения качества и доступности медицинской помощи Министерством здравоохранения Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом повышения квалификации специалистов первичной ...