Махмудов Батырхан ниязұлы — білім мен тәрбие саласындағы тәжірибелі ұстаз — Xnews — ақпарат агенттігі

Махмудов Батырхан ниязұлы — білім мен тәрбие саласындағы тәжірибелі ұстаз

Махмудов Батырхан Ниязұлы 1963 жылы 10 маусымда Шымкент қаласының Қаратау ауданы Қызылсу тұрғын үй алабында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент Мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдап, білім саласындағы жолын бастаған. Ұстаздық тәжірибесі 36 жылды құрайды. Отбасылы, бес қыздың әкесі.

1989 жылдан бастап №36 (қазіргі №114 «Сайрам») мектепте математика пәні мұғалімі ретінде қызмет етіп, 1994-1997 жылдар аралығында оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары, 1997-2010 жылдары мектеп директоры лауазымын атқарған. Қазіргі уақытта технология пәнінің мұғалімі болып еңбек етуде.

Батырхан Ниязұлы ұжымды еңбексүйгіштігі мен жан-жақтылығымен баурап, кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығы арқасында шәкірттерін жетістікке жетелеген дара тұлға. Ол – тек білікті ұстаз ғана емес, отбасының тірегі, немерелерінің сүйікті әрі батагөй атасы.

Ұстаздың қарапайымдылығы, еңбегі аудан, қала және облыс деңгейінде жоғары бағаланып, «Қоғам қайраткері», «Елеулі еңбегі үшін», «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгілерімен және Түркістан облысы білім басқармасы алғыс хаттарымен марапатталған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...