Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы сараланды.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Е.Саиров еліміздегі жемқорлық дерегі кең тараған салаларға шолу жасады. Сондай-ақ, Шымкентте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білім саласындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету әдістері ұтымды екеніне тоқталды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы сипаттағы құқықбұзушылықтарды алдын алуда нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдарының бірлесуімен әрбір мемлекеттік мекемеде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бұл іс-шараларға азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысуда. Мегаполис басшысы партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда қол жеткізілген нәтижелер туралы да баяндады.

«Мәслихаттағы партия фракциясының 21 депутаты бағдарламаның нақты тармақтары бойынша бекітілген. 2024 жылға жоспарланған 95 тапсырманың 90-ы орындалды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 608 адам пәтермен қамтамасыз етілді. «Қамқор» өңірлік бағдарламасы бойынша тағы 347 азамат баспаналы болды. 6600 медицина қызметкері біліктілігін арттырды. «Кедергісіз келешек» жобасы арқылы 44 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші оң шешімін тапты. Бұл бағдарламаның тиімділігін көрсетеді», — деді Ғ. Сыздыбеков.

Жалпы, Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Жүйелі жұмыс пен партиялық бақылаудың арқасында бұл қызмет жаңа серпін алуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Информатика кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады

Иманбекова Оразгүл Шаукенқызы — «Информатика» пәнінің мұғалімі. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде 2001 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. ...