Көркем сөздің құдіретін түсінуге тәрбиелеп жүрген ұстаз — Xnews — ақпарат агенттігі

Көркем сөздің құдіретін түсінуге тәрбиелеп жүрген ұстаз

Жолдасова Гаухар Абдрахимқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы, 30 жыл бойы шәкірттеріне сапалы білім беріп келе жатқан тәжірибелі педагог. Қазіргі таңда Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде педагог-зерттеуші ретінде еңбек етеді. Үш баланың аяулы анасы.

Гаухар Абдрахимқызы – оқушылардың тілдік сауатын арттырумен қатар, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята білген шығармашыл ұстаз. Ол өз сабақтарында заманауи педагогикалық әдістерді шебер пайдаланып, әр оқушының жеке қабілетін дамытып, олардың көркем ойлауына, еркін сөйлеуіне ықпал етеді.

Ұстаздық жолында тек білім беріп қана қоймай, мәдениеттілікке, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеуді басты мақсат еткен. Жас мамандарға тәлімгерлік етіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді. Шәкірттері пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Солардың бірі – «NIS Talks» қалалық конференциясында сәтті өнер көрсеткен Айғалиева Ажар есімді оқушысы.

Педагогтің Шымкент қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасы, «Білім шыңы – ғылым сыры», «Білімді Ұлт – Educated Nation» журналдарында мақалалары жарық көргені үшін алғыс хаттарымен марапатталған.

Сонымен қатар, авторлық бағдарламалар әзірлеп, пәндік тәжірибе алмасу алаңдарында кәсіби шеберлігімен танылып жүр. “Интерактивті әдістер арқылы синтаксистік құрылымды түсіндіру” тақырыбындағы жұмысымен бөлісуі — соның жарқын дәлелі.

Жолдасова Гаухар Абдрахимқызы — шәкірт жанына үңіле білетін, оларды әдебиетке сүйіспеншілікпен жетелеген нағыз ұстаз. Оның өнегелі еңбегі мен адами келбеті — бүгінгі ұстаздар қауымына үлгі.

 

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...