Кибералаяқтық бақылауда: Полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру негізінде Түркістан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бастамасымен «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбында 1000 адамның қатысуымен ауқымды республикалық форум өтті.

Алғаш болып жиналғандарға су жаңа ІТ-жабдықтары мен робототехника құралдарының көрмесі ұсынылды. Одан әрі бүгінгі таңда көп кездесіп жатқан алаяқтарға алданудың түрлері көрсетілген театрландырылған қойылым қойылды.

Мақсат-тұрғындарға ой салып, алаяқтарға алданбауға шақыру, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстану.
Іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев сөз алып, өңірдегі алаяқтық қылмысының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев, «CYBERLABS» ЖШС-нің өкілі Әділет Хамзин, «Digital road» IT-индустриясының кәсіпкерлер ассоциациясының өкілі Сейдулла Исмаиловтар, жиналған жұртшылыққа алаяқтарға алданбаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, бұрын соңды айтылмаған мағлұматтармен бөлісті.

Облыс әкімдігі, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым, банк қызметкерлері, кредиторлық мекемелер мен басқа да тұлғалар қатысып, ашық пікір алмасу орын алды.
Статистикаға көз жүгіртер болсақ, облыстық полиция департаментінде құрылған киберпол басқармасының қызметкерлерімен «интернет-алаяқтық» қылмыстарының 113 дерегі сотқа жолданды. 3 қылмыстық топ құрықталып, олардың 38 эпизодты қылмыстық істерге қатыстылығы анықталды. Нәтижесінде жәбірленушілерге 269 млн. теңге қайтарылды.

Сондай-ақ 200-ден астам қылмысқа қатыстылығы бар 13 күдіктіден тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыспен күресудің тиімді тәсілі-профилактика десек, Полиция Департаменті мен Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум аясында, полиция қызметкерлерімен студенттер бірлесіп, «Кибернадзор» жүйесі арқылы 2 мың құқыққа қайшы контентті бұғаттады.

Бұл шаралардың барлығы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мен алданып қалудан сақ болуы мақсатында жасалуда. Айта кету керек бұл іс-шара облысқа қарасты 17 ауданда жалғасатын болады.

Форум соңында елімізге белгілі әнші Еркін Нұржанов рухты ән шырқап, жиналғандарға көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

В Шэньчжэне подписано стратегическое соглашение для привлечения китайских инвестиций в зелёные проекты Казахстана

В городе Шэньчжэнь между НАО «Международный центр зелёных технологий и инвестиционных проектов» (МЦЗТИП) и Китайско-Евразийским деловым советом (CEBC) подписано стратегическое ...

Шэньчжэнде Қазақстанның жасыл жобаларына Қытай инвестицияларын тарту үшін стратегиялық келісімге қол қойылды

Шэньчжэнь қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен Қытай-Еуразия іскерлік кеңесі (CEBC) арасында Қазақстандағы экологиялық жобаларға қытай ...