Кентаулық студент «Emirates Skills — 2025” халықаралық байқауында жеңіске жетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен “Emirates Skills — 2025” халықаралық достық кездесуінде Қазақстанның намысын Кентау көпсалалы колледжінің студенті Жанар Серік қорғап, жүлделі бірінші орынға ие болды.

«Кескіндеме және сәндік жұмыстар» бойынша өткен додада Жанар өз кәсіби шеберлігін және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жарыс жас мамандардың халықаралық аренада тәжірибе алмасуы мен өзара достық қарым-қатынас орнатуына үлкен мүмкіндік береді. Жанар Серіктің бұл жетістігі — Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру сапасының жоғары деңгейде екендігінің тағы бір дәлелі. Сонымен қатар, бұл жеңіс — еліміздегі жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...