Жеңіс күніне арналған мерекелік концертке жүздеген көрермен қатысты

Кеше Шымкентте «Астана» алаңында Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында қаланың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Шымкент цирк оркестрі» және «Шымкент концерт» ұжымы жанды дауыста ән салып, түрлі аспаптарда ойнады. Бұл шығармашылық ұжым Жеңіс күніне орай қалада 3 күн бойы өнер көрсетті. Жалпы, Шымкентте Үлы жеңіс күніне арнап түрлі іс-шаралар қаланың барлық жерлерінде өтуде.

— Концерт бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған. Концертке Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін қатыса алады. Мұнда отандық композиторлардың әндері мен эстрада әншілерінің жаңа хит топтамалары орындалады,-дейді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова.

Ал, концертке жүздеген көрермен қатысты. Олар бұл күннің тарихы маңыздылығын айта келе, жастардың бойына патриоттық сезімді сіңіру үшін жаңаша форматта ұйымдастырылған жиындар көп болса деген ізгі тілектерін жеткізді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...