Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы! — Xnews — ақпарат агенттігі

Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы!

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. 80 елден келген 811 жас спортшы жүлде жолында тартысқа түсіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ромашкин Хамзаальпер ел үмітін ақтап, әлем чемпионы атанды. Финалдық айқаста ол канадалық Никола Самордичпен жолықты. Қарсыласы есепте 11:0 есебімен алға шыққанымен, Хамзаальпер соңына дейін берілмей, үшінші раундтың аяқталуына небәрі 20 секунд қалғанда керемет камбэк жасап, шешуші сәтте жеңісті жұлып әкетті.

Жас спортшының бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен темірдей төзімнің нәтижесі. Финалға дейін ол Иордания, Иран, AIN (бейтарап спортшылар), сондай-ақ Тайпей елінің өкілдерін жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 10 мамырда басталып, 15 мамырға дейін жалғасады. Алда әлі бірнеше күнге созылатын дүбірлі додада өзге де таэквондошыларымыз жүлде үшін талас жүргізбек.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...