Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы!

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. 80 елден келген 811 жас спортшы жүлде жолында тартысқа түсіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ромашкин Хамзаальпер ел үмітін ақтап, әлем чемпионы атанды. Финалдық айқаста ол канадалық Никола Самордичпен жолықты. Қарсыласы есепте 11:0 есебімен алға шыққанымен, Хамзаальпер соңына дейін берілмей, үшінші раундтың аяқталуына небәрі 20 секунд қалғанда керемет камбэк жасап, шешуші сәтте жеңісті жұлып әкетті.

Жас спортшының бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен темірдей төзімнің нәтижесі. Финалға дейін ол Иордания, Иран, AIN (бейтарап спортшылар), сондай-ақ Тайпей елінің өкілдерін жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 10 мамырда басталып, 15 мамырға дейін жалғасады. Алда әлі бірнеше күнге созылатын дүбірлі додада өзге де таэквондошыларымыз жүлде үшін талас жүргізбек.

x

Check Also

В Шэньчжэне подписано стратегическое соглашение для привлечения китайских инвестиций в зелёные проекты Казахстана

В городе Шэньчжэнь между НАО «Международный центр зелёных технологий и инвестиционных проектов» (МЦЗТИП) и Китайско-Евразийским деловым советом (CEBC) подписано стратегическое ...

Шэньчжэнде Қазақстанның жасыл жобаларына Қытай инвестицияларын тарту үшін стратегиялық келісімге қол қойылды

Шэньчжэнь қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен Қытай-Еуразия іскерлік кеңесі (CEBC) арасында Қазақстандағы экологиялық жобаларға қытай ...