Бүгін Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі

Суретшілерді, жазушыларды, музыканттарды, әртістерді, әншілерді, кітапханашыларды, музей мен галерея қызметкерлерін, кинематография өкілдерін – жалпы мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосып жүрген барша жандарды құттықтаймыз.

Музыка, театр, кескіндеме, әдебиет, кино – тек білім мен дәстүрді жеткізудің құралы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің дамуына серпін беретін қуатты күш.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандықтар кітапханаларға, кинотеатрларға, саябақтар мен музейлерге жиі барған. Ал мәдени-демалыс орталықтары, театрлар мен концерттік ұйымдар ең көп іс-шара өткізген.

Барша мәдениет саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз! Зор денсаулық, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

x

Check Also

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын ...

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде осылай деді. «Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби ...