Білім негізі — бастауыш сыныптан

Құдайберген Айгүл Асанханқызы — бастауыш сынып мұғалімі.

Ол 1975 жылы 9 тамызда Шымкент қаласы Ордабасы ауданында дүниеге келді. 1994 жылы Балқаш педагогикалық училищесін бітіріп, 2008 жылы Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінде білімін жалғастырып ,бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықты.

Айгүл Асанханқызы 1996 жылы Сайрам ауданы, Айкөл бастауыш мектебінде, бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жолын бастаған болатын. Ал 2011жылдан бастап №23мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызметін атқарып келеді.

Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Осы орайда Айгүл Асанханқызы сабақ беретін сыныптарында іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытып жүр. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші санатты мұғалім еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, қалалық, республикалық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.

Атап айтқанда, республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының «Еселі еңбегі үшін» «Ұстаз мәртебесі» және Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының «Еселі еңбегі үшін» «Ұстаз мәртебесі» төсбелгілерінің иесі.

Сондай-ақ, бастауыш сынып пәні бойынша бейнесабақтардың қашықтан өткізілген республикалық байқауына қатысқан үшін 1- орын ,«Өрлеу» БАҰО орта білім беру пәндері бойынша бейне сабақтардың республикалық байқауының облыстық кезеңінен І орын алып, жеңімпаз атанған. «Ең білімді педагог-2020» пәндер олимпиадасынан ІІ орын, «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі байқауынан І дәреже, «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі төсбелгісіне де ие болған.

Жалпы, бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой-өрісін,қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру оңай шару емес.

Ал Айгүл Асанханқызы — шәкірттерімен бірге оқу тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыруда, олардың шығармашылық таным-қабілеттерін дамыта отырып, жеке ерешеліктерін де танытып жүрген ұстаз.

x

Check Also

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше ...

Ұстаз болу — жүректің ісі

Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ...