Әскери парадқа қатысқан жауынгерлер Мәскеуден оралды

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 37-ші бригадасының 80 әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшағымен Талдықорған қаласына оралды.

Тоғызыншы мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.

Жеңіс парадына қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын өз әсерімен бөлісті:

– Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

x

Check Also

Определены сроки проведения итоговой аттестации школьников в Казахстане

Сроки начала и окончания 2024-2025 учебного года, а также порядок проведения итоговой аттестации утверждены приказом министра просвещения Республики Казахстан. Выпускные ...

Қазақстанда оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды

2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді.  9-сынып оқушылары ...