Әскери институттардың бұрынғы студенттері оқуын үйден шықпай-ақ қалпына келтіре алады

Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері оқу орнына қайта қабылдау үшін eGov.kz порталында өтінім бере алады. Қызмет тегін көрсетіледі және кемінде бір семестр оқуды аяқтаған студенттерге қолжетімді.

Енді қызметке өтінім онлайн түрде беріледі, ал қажетті құжаттардың басым бөлігі мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулықты карусельден таба аласыз 

Айта кетейік, өтінімді оқу орнынан шығарылған күннен бастап тек бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдау мүмкін болмайды.

Өтінішті қарау мерзімі – 20 жұмыс күні. Егер шешім оң болса, нәтиже Жеке кабинетте қолжетімді болады. Қайта қабылдау мүмкін болмаса, студентке негізделген бас тарту жіберіледі.

x

Check Also

Астана қаласындағы ардагерлерге арналған орталық клиникалық госпитальде 2,5 мыңнан астам пациент ем алды

Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан ...

Экспортный фокус Казахстана: Приоритетные рынки и рост товарооборота с Китаем, ЕАЭС и Центральной Азией

По итогам 2024 года объем экспорта товаров и услуг Казахстана достиг $40,6 млрд, что на 11% превышает показатель 2023 года ...